Сенат Бюджеттік кодекстің жаңа редакциясының жобасын мәжіліске қайтарды

Бұл заң жобасы бюджет процессін, бюджет жүйесінің барлық деңгейіндегі қарым-қатынастар мен рәсімдерді реттеуге бағытталған.

Кодекс жобасы мемлекет басшысының 2008 жылғы ақпанның 6-сындағы "Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленген.