"Есеп комиссиясы сенат спикері лауазымына ұсынылған депутат Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына қатысты берілген дауыстарды санады. Сенаттың барлық 37 депутаты түгелімен кандидатураны қолдап дауыс берді. Қарсы болғандар мен қалыс қалғандар жоқ",- деп мәлімдеді сенаттың есеп комиссиясының төрағасы Анатолий Башмаков жалпы отырыста. "Сөйтіп, депутат Қ.Тоқаев сенат төрағасы болып сайланды",- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін өткен жалпы отырыста ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков Қ.Тоқаевтың сенат депутаты болып тіркелгенін хабарлады. "Парламент туралы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" заңға сәйкес және президенттің жарлығы бойынша Орталық сайлау комиссиясы Қ.Тоқаевты депутат ретінде тіркеуді және оған депутат куәлігін табыстауды қаулы етеді",- деді О.Жұмабеков.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат спикері қызметіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті