Аймақтарға дәстүрлі сапар барысында сенаторлар жергілікті жерлерде өз жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.
"Жұртшылықпен, жергілікті өкілді және атқарушы билік өкілдерімен кездесулер барысында парламент пен жергілікті билік құрылымдарымен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту тұрғысында ұлттық заңдарды жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын дамыту, билік құрылымдарының төменгі буындарының рөлі мен өкілеттіктерін күшейту мәселелері талқыланады", деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сенаттың ақпаратына сәйкес, "әңгіме барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев бастамаларын түсіндіруге және экономикалық және саяси жаңаруларды одан әрі жүзеге асыруға айрықша назар аударылатын болады".