«Заң әзірлеушілердің назарын жобаларды дайындау сапасына аударғым келеді (...). Жалпы, соңғы кезде парламент қарауына түсіп жатқан заң жобаларын алып қарасақ, оларда нақтылық жоқ, кейде бір-біріне қарама-қайшы, мүлдем қарама-қайшы тұстары болады (...). Өкінішке орай, бізге түсіп жатқан заң жобаларының сапасы осындай», - деді ол жоғарғы палатаның бейсенбідегі жалпы отырысында.