Хаттама 2000-жылдың 30-қарашасында Минск қаласында толтырылған болатын. Хаттаманың мақсаты - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтері тарапынан 1994-жылдың 15-сәуірінде қол қойылған еркін сауда аймағын құру жөніндегі келісім мен 1999-жылдың 2-сәуіріндегі хаттама бойынша жүктеп алған міндеттемелерді орындау болып табылады.
Сенаттың жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Ғалым Оразбақовтың айтуынша, хаттамаға сәйкес лицензия беру мерзімі 15 жұмыс күнінен аспауы тиіс. "Аталмыш келісімді бекіту - оған қол қойған елдер арасындағы еркін сауда ауқымын ұлғайтуға септігін тигізеді",- деді ол.
Заң жобасы мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.