"Заң жобасын жұмыс топтары мен бас комитеттің кеңейтілген құрамдағы отырыстарында қарау барысында мәжілісте мақұлданған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады",- делінген сенаттың мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заңның жобасында ұялы телефондарға қатысты қитұрқылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Мәселен, мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "абоненттік құрылғының тану белгісі - кодын заңсыз өзгерту, бағдарламасын өзгерту, абонентті айыра тану картасын ауыстыру, ұялы байланысқа арналған абоненттік құрылғының кодын өзгертуге немесе оның бағдарламасын өзгертуге бағытталған жаңа бағдарламалар жасау немесе тарату әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған".
Сонымен бірге "ғимараттарды дұрыс салмау және дұрыс жөндеу жүргізбеу, автожолдар мен нысандарды дұмыс салмау салдарынан адам қаза тапқан немесе басқа да ауыр зардап шеккен жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту" көзделіп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті