Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құжаттың мақсаты - құқықтық тәжірибені ескеру негізінде кедендік әкімшілікті одан әрі жетілдіру болып табылады. Енгізілген өзгерістердің көмегімен Кеден кодексінің нормалары басқа салалардағы заңнамалық актілерге сәйкестендіріледі. Түзетулер сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталады.
Мәселен, "Тауардың шығу тегі туралы сертификат" жөніндегі бапқа түзету енгізілді. Түзету бойынша тауардың сәйкестік сертификатын (тауар еркін қойма аумағынан республикакедендік аумағының басқа бөлігіне шығарылған жағдайда) тиісті мемлекеттік уәкілетті мекеме беруге тиіс. Сонымен бірге депутаттар кедендік мекемеге тауар және көлік құралдарын Қазақстанның кедендік аумағынан тысқары шығару дерегі туралы хабарландыру мерзімін 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынып отыр.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін салалық комитетке жолданды.