Caravan Logo

Сенат Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық келісімдердің күшіне ену тәртіптері туралы хаттаманы бекітетін заңды қабылдады

Сенат Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық келісімдердің күшіне ену тәртіптері туралы хаттаманы бекітетін заңды қабылдады

"Хаттамаға бірігу Кедендік одақты қалыптастыруды аяқтауға, оларға бірігуге және олардан шығуға бағытталған халықаралық келісім-шарттарының күшіне енуінің біртұтас тәртіптерін белгілеуге септігін тигізеді", -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Хаттама Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық келісім-шарттарының күшіне ену тәртіптерін белгілейді, ол үшін одақтың жоғарғы органы - Мемлекетаралық кеңестің шешімі шығарылады.

Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын құрайтын халықаралық келісім-шарттары екі бөлімнен тұрады: "ЕурАзЭҚ аясында жұмыс істейтін халықаралық келісім-шарттары және Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық келісімдер".

"Хаттамаға ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа да мемлекеттер біріге алатын ашық хаттама, бірігу үшін бір шарт қойылады : бірігетін мемлекет тізімнің екінші бөліміне енгізілген халықаралық келісім-шарттарының барлығы ол үшін міндетті дегенге келісімін береді", -делінген қорытындыда.

Хаттамаға Душанбеде 2007 жылдың 6 қазанында қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына жіберілді.