Атап айтсақ, депутаттар заң жобасынан "мәміле институты" енгізілуге байланысты тағылған айып көлемімен келісу туралы көрсеткіштерді алып тастауды ұсынды. Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа жетпегендерге жүктелетін жазалар арасынан тұтқындауды алып тастау туралы ұсынысқа байланысты сенаторлар заңда үкім шығарылған сәтте 18 жасқа жетпегендер қамауға алынбайды деп көрсеткен жөн деп санайды.
Сондай-ақ, әкімшілік жаза жүктеу мақсаттарына қайшы келуге байланысты айыппұл төлеу мерзімін кешіктіріп алғаны үшін пеня төлету туралы тәртіпті алып тастауды ұсынуда. Жалпы алғанда сенат түзетулерінің салыстырма кестесі 69 позициядан құралады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы күрделі емес қылмыс түрлерін алдын-ала тергеу және анықтау процедураларын тездетуге және оны жеңілдетуге бағышталған. Сондай-ақ, өзгерістер арқылы ауыр емес жекелеген қылмыс түрлерін декриминализациялауға және бас бостандығынан айырудан өзге жаза түрлерін жүктеуді арттыруға қадам жасалады. Атап айтсақ, ауыр емес кейбір қылмыс түрлерін, соның ішінде жеке тұлғаға бағытталған кейбір қылмыстарды криминалдық тұрғыдан қарастырмау ұсынылып отыр.