Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
“Сенат тағайындаған Конституциялық сот судьясы Ерлан Сәрсембаев жуырда Президент Жарлығымен Әділет министрі лауазымына тағайындалды. «Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы» Конституциялық заңға және Сенаттың регламентіне сәйкес, Конституциялық сот судьясының өкілеттігін тоқтату жөнінде қаулы қабылдауымыз қажет”, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Жалпы отырыста депутаттар аталған қаулыны қабылдауға дауыс берді.
Еске салсақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып тағайындалды.