Сенат Нұра өзенін тазарту жобасын жүзеге асыруға Халықаралық қайта құру және даму банкінің несиесін тарту туралы келісімді бекітті

Бұл келісімге 2003-жылдың 17-желтоқсанында Вашингтонда қол қойылған.

Келісімнің мақсаты - қорғасынмен ластанған Нұра өзені бассейнінің аумағын тазарту, сенімді, қауіпсіз, баламалы әрі тиімді су көзімен қамтамасыз ету және өзен ағысын реттеуді қалпына келтіру болып табылады.
Жоба өзен бассейнінде тұратын 1,5 млн. адамның мүддесіне сай келеді. Ластанған материалдар мен жер қыртысының жалпы көлемі 5 млн. текше метрді құрайды.
Халықаралық қайта құру және даму банкі жобаға 40,39 млн. доллар көлемінде несие бөлсе, республикалық бюджет есебінен қосалқы құн салығын қоса есептегенде 22,85 млн. доллар жұмсалады.
Келісімді бекіту жөніндегі заң жобасы Елбасының қол қоюына жіберілді.