Сенат өздерінің түзетулері енгізілген азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заң жобасын мәжіліске жіберді

"Заң жобасының нормалары денсаулыққа зиянды емес және адам өміріне қауіп тудырмайтын өнімдерді өндіруші отандық тауарөндірушілерге қойылатын талаптарды қарастырады",- деп айтылған Сенаттың аумақтық және салалық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Атап айтқанда, қорытындыда атап көрсетілгендей, "заң жобасында азық-түлік өнімдеріне, оларды өндіру процессіне, пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптарды қоятын бірыңғай ережені қолдану принциптері белгіленеді".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті