Сенат қаржылық лизинг мәселелері жөніндегі заңнамаларға түзетулер енгізуді алғашқы оқылымда мақұлдады

Бұл заң жобасы бойынша атап айтсақ, ҚР Азаматтық Кодексіне енгізілген толықтыруға сәйкес лизинг жөніндегі келісім-шартының жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін заңдық актілермен айқындауға мүмкіндік жасалады. ҚР азаматтық процессуалдық Кодексіне енгізілетін толықтырулар лизинг алушы алаяқтыққа барған жағдайда лизинг беруші үшін лизингіге берілген бұйымды ешбір дау-дамайсыз талап ету құқығын заңдастырады. Сондай-ақ, лизинг алушы банкроттыққа ұшыраған, тұтқындалған немесе оның мүлкі тәркіленген жағдайда кәсіпорынды жою немесе оны сауықтыру шаралары барысында лизинг берушінің өз мүлкін кері қайтарып алуын қамтамасыз ететін өзгертулер енгізіледі.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін жұмыс тобына берілді.