Сенат қаржылық қадағалауды жетілдіру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Заң жобасына сәйкес облыстардың, республикалық тұрғыдағы қалалар мәслихаттарының ревизиялық комиссиясын құру реттеледі. Олар өз құзыреттігі шеңберінде жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік қаржылық қадағалауды жүргізетін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихаттарына бағыныңқы болады.

Мемлекеттік құрылым қызметі жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады және қосымша қаржы шығынын қажет етпейді.