Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Парламент депутаттары бастамашы болған осы заң жобасы мемлекет пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасын реттеу мәселесін тәртіпке келтіру, діни ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін заңды түрде бекіту қажеттілігінен туындаған.

Парламент депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы", "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы", "Әскери қызмет және әскери міндеттілік туралы" заңдарға толықтырулар енгізуді ұсынған.

Ұсынылған толықтырулар негізінен діни бірлестіктердің қызметін және құқықтық мәртебесін реттеуге бағытталған. Сондай-ақ мемлекеттің бақылау функцияларын және діни бірлестіктердің жауапкершілігін күшейтуді көздейді.