Сенат Қазақстан-Чехия үкіметаралық автокөлік тасымалы жөніндегі халықаралық келісімді бекітті

Келісімге 1999-жылдың 13-желтоқсанында Прагада қол қойылған болатын. Келісімнің басты мақсаты - халықаралық автокөлік тасымалы саласындағы , сондай-ақ, екі мемлекет арасындағы жүк және жолаушы тасымалы мен екі ел аумақтары арқылы өтетін транзиттік тасымал саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың құқықтық негізін қалау болып табылады.

Сенаттың жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Ерлан Қошановтың айтуынша, Қазақстан-Чехия аралық автокөлік тасымалы рыногінде тұрақты рейстер саны қалыптасып отыр. Сонымен бірге келісімді бекіту - қандай да бір қосымша бюджеттік қаржы жұмсауды талап етпейді деді вице-министр.
Заң жобасы мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.