Сенат Қазақстанның сот жүйесі туралы конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенаттың конституциялық заң, сот жүйесі және құқық қорғау органы жөніндегі комитет тұжырымдамасында мәлімделгендей, заң жобасы судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге, кандидаттарды судьялық қызметке конкурстық іріктеу тәртіптемесін жетілдіру, судьялық қызметке кандидаттар іріктеу кезіндегі қоғам рөлін нығайту, басшылық судьялық қызметке кадрлық резерв тағайындау және рөлін арттыруға бағытталған.

Жоғарғы және облыстық сот органдары құрылымына пленарлық отырыс төралқасын енгізуді қарастыратын толықтыру енгізіледі. Пленарлы отырыс төралқасы пленарлы отырыстарда қарастыру үшін соттардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыынстар әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Заң жобасы облыстық соттардың сот алқасы төрағасының бос орнына ұсынылатын кандидаттарға талаптар белгілейді.


Бұрын хабарланғандай, заң жобасында міндетті судьялық еңбек өтілін 5 жылдан 10 жылға арттыру көзделген. Сонымен қатар, заң жобасында облыстық сот төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның міндеттерін жүктеу тәртібі нақтыланады. Облыстық және оларға теңестірілген сот қызметтерін жетілдіру мақсатында жеке орган құру ұсынылған. Оған сот қызметіне қатысты пленарлы отырыстар құзырына кірмейтін және жедел шешуді қажет ететін ұйымдастыру мәселелері жүктеледі.