Сенат қоршаған ортаны қорғау туралы заңға өндіріс қалдықтары жөніндегі мәселелер бойынша енгізілетін өзгерістерге өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенаттың аймақтық даму және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, сенаторлар енгізген түзетулер "қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қорлардың іс-қызметін реттеу саласы бойынша ҚР Бюджеттік кодексімен арадағы қайшылықты жоюға" бағытталады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының мақсаты осы саладағы мемлекеттік мекемелердің міндеттерін реттеу және қалдықтармен қарым-қатынас саласына норма жүйесін енгізу болып табылады. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңға енгізілетін өзгерістер заңды және жеке тұлғалардың қалдықтармен қарым-қатынасқа бағытталған іс-қызметтерін реттеуге, қалдықтардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін жоюға және оның алдын алуға қажетті құқықтық алғышарттарды қалыптастыруға жағдай жасайды деп күтілуде.