Заң жобасына сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің "Компьютерлік ақпаратты заңсыз алып пайдалану, Электронды есептеу машиналары үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату" жөніндегі 227-бабынан басқа барлық экономикалық қылмыс түрлерін тергеу-тексеру құқығы қаржы полициясына беріледі. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің "Лауазымдық құзырын бас пайдасына жарату" жөніндегі 307-бабы, "Билігін немесе лауазымдық құзыретін асыра пайдалану" жөніндегі 308-ші, "пара алу" жөніндегі 311-баптарынан өзге сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерді тексеру құқығы да қаржы полициясы органдарының қарамағына берілмек.
Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігіндегілердің пайымдауынша, бұл заңды қабылдау жемқорлықпен күресті кешенді жүргізуге мүмкіндік береді.
Ал қаржы полициясы бүгінге дейін қаржы полициясы экономикалық 30 қылмыстық құрамды, жемқорлық сипаттағы 1 қылмыстық құрамды тексеруге құқылы болып келген. Ал ішкі істер органдары экономикалық қылмыстарды емес, жемқорлық сипаттағы 5 түрлі қылмыстық құрамды тексеруге құзырлы. 6 экономикалық, 2 жемқорлық сипаттағы қылмыстық құрамдарды тергеу құқығы ішкі істер органдары мен қаржы полициясының баламалы билігінде. Жемқорлық сипаттағы 4 қылмыстық құрамды баламалы тексеру құқығы ішкі істер органдары мен ҰҚК-нің құзырында.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін сенаттың профильді комитетіне тапсырылды.