Сенат Құнды қағаздар рыногы және Акционерлік қоғамдар мәселесіне арналған заң жобасына түзетулер енгізіп мәжіліске қайтарды

Атап айтсақ, сенаторлар заң жобасынан "Жекешелендіру туралы" заңға енгізілетін барлық өзгерістерді алып тастауды ұсынады. Өйткені, өзгертулерде акуциялардың мемлекеттік қоржынын тек қор биржасында сату көзделген. Соның салдарынан жекешелендірудің әлеуметтік және экономикалық зардаптарын ескеруге бағытталған кейбір шарттарды белгілеу мүмкіндігі жойылмақ.

Сонымен бірге депутаттар пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу сияқты басқа да стратегиялық маңызды салаларда қызмет ететін ұйымдар үшін Акционерлік қоғам деген ұйымдастыру-құқықтық формалы болу жөнінде міндеттейтін "Акционерлік қоғамдар туралы" заңға енгізілмекші түзетулерді алып тастауды ұсынды. Сенаттың пікірінше, мұндай ереже "Акционерлік қоғамдар туралы" заң мен Конституцияға қайшы келеді.
Сонымен бірге сенаторлар "Құнды қағаздар туралы" заңға өзгерістер енгізуде. Өзгертулерде қарастырылғанындай, егер облигацияларды шетелде сатуға ұсынған жағдайда бағалы қағаздар Қазақстанның құнды қағаздар нарығына да сондай шартпен шығарылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жобаға сәйкес ҚР Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс, Азаматтық кодекс, "Құнды қағаздар туралы" заң мен "Акционерлік қоғамдар туралы" заңға түзетулер енгізілуде.
Заң жобасы акционерлік қоғамдарды құру, қайта құру және тарату тәртіптерін жетілдіруге, құнды қағаздарды шығару және олардың айналымы барысында заң бұзуға жол берілген жағдайда жүктелетін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Сонымен бірге заң жобасы құнды қағаздар рыногы субьектілерінің іс-қызметін реттеуші заңнамалық актілер нормасының арасындағы бірқатар қарама-қайшылықтарды жоюға бағышталған.