Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңға сәйкес, ҚР Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Сенат сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушыларды тіркейді. Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан тіркелген байқаушыларға тиісті куәліктер беріледі», - деді ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.
Оның айтуынша, бүгінгі күні ОСК 129 байқаушыны тіркеді. Ал 25 қыркүйекте тіркеу аяқталады. «Бұдан бөлек, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелдік 110 бұқаралық ақпарат құралын тіркеді, оларға сайлауды байқау құқығы беріліп отыр», - деді ОСК мүшесі.
Мәслихат депутаттарының сайлауына 104 кандидат ұсынылып, 9-ы тіркеуден өтті.
Еске сала кетейік, бүгінгі таңда республикамызда түрлі деңгейдегі 213 мәслихат жұмыс жасайды. Ал осы мәслихаттар депутаттарына 3335 мандат тиесілі болса, соның 48-і қазіргі уақытта бос. Соған орай, 26 қазанда 48 округте мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына үміткерлерді сайлау өтеді.
«Жұмылдырылған облыстық және Алматы қалалық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 19 қыркүйектегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 104 кандидат ұсынылды, олардың 9-ы тіркелді», - делінген ОСК таратқан баспасөз хабарламасында.
1 қазанда өтетін Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына байланысты қорытындыны Орталық сайлау комиссиясы 7 қазаннан кешіктірмей анықтайды.
Ал сайлау қорытындылары туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында 10 қазаннан кешіктірілмей жарияланады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында дауыс беру, дауыстарды санау және оның нәтижелерін жария ету 2014 жылғы 1 қазанда таңдаушылардың (мәслихат депутаттарының) бірлескен отырысында өтеді. Көптеген өңірлерде отырыстар жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-11-де басталады. Таңдаушылар отырысына облыстың барлық мәслихаттарынан өкілдік ететін сайланған депутаттар санының елу пайыздан астамы қатысқан жағдайда, ол заңды болып саналады.
Сонымен қатар, ОСК ақпаратына қарағанда, республикада барлығы түрлі деңгейдегі 213 мәслихат жұмыс жасайды. Дауыс беру өткізілген болып танылуы үшін таңдаушылардың (мәслихат депутаттарының) бірлескен отырысында оған қатысқан таңдаушылардың елу пайызынан астамы дауыс беруге қатысуы тиіс.
Ал дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу пайыздан астамының дауысын алған кандидат сайланған болып есептеледі.
«Сайлаудың соңғы қорытындыларын Ортсайлауком 7 қазаннан кешіктірмей анықтайды. Сайлаудың қорытындылары туралы ақпарат БАҚ-та 2014 жылғы 10 қазанынан кешіктірмей жарияланады. Дауыс берудің еркіндігі мен құпиялылығы қағидаттары негіз қалаушы болып табылады және бұл мүлтіксіз орындалуы тиіс» - деп атап өтті Бас сайлауком Қ. Тұрғанқұлов.