Сенат Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Хартиясын бекітті

Ұйымның тұғырнамалық құжаты болып табылатын Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Хартиясына 2002-жылдың 7-маусымында Санкт-Петербургте қол қойылған. Хартия жобасы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымын құру туралы 2001-жылдың 15-маусымында қабылданған декларацияға сәйкес

жасалды .
Хартия баптарында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының мақсаты мен міндеттері, мүшелік, органдары, ШОС пен оның лауазым иелерінің иммунитеті мен ерекшеліктері дәйектелген.
Хартияны бекіту туралы заңның қабылдануы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының негізгі жарғылық органдарын құруға, ұйымға жаңа мүшелер қабылдау секілді мәселелерге қатысты қосымша құжаттар жобасын жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан СІМ-нің мәліметіне жүгінсек, бүгінге дейін Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Хартиясын Ресей мен Қытай бекітіпті.
Хартияны бекіту туралы заң жобасы мемлекет бсшысының қол қоюына жіберілді.