Сенат спикері Астанада Бауыржан Момышұлына арналған ескерткішті ашты

"Бауыржан Момышұлы аңыз-адам. Оның ержүрек әрі Отанына риясыз берілген адам екендігі жөніндегі атақ-даңқы бүкіл елге танымал. Оны халқы батыр деп мойындады", -деді Қ. Токаев ескерткішті ашу рәсімінде.

Бауыржан Момышұлына арналған ескерткішті Жамбыл облысы Астананың 10 жылдық мерейтойына тарту етті.

Сондай-ақ, сенат төрағасы ІІМ ғимаратының жанында орналасқан жаңартылған саябақты ашты. Саябақты реконструкциялау жұмыстары Қостанай облысының Астанаға сыйы.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев Бейбітшілік және Ақжайық көшелерінің қиылысында орналасқан, Астана күніне орай Атырау облысы жайластырған гүлзардың ашылуына қатысты.