Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, парламент палатасының басшысы мемлекет басшысына сенаттың заң шығарушылық қызметінің ағымдағы және перспективалық бағыттары жөнінде баяндады.
"Бүгінде сенат депутаттары толық құрамда еліміздің өңірлерінде жұмыс істеп жатыр. Сенаторлар қазақстандықтарға президенттің "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты жолдауының негізгі қағидаттарын түсіндіруде", - деді Қ.Тоқаев журналистерге арналған брифингте.