Палата отырысында депутат Бақберген Досманбетовтың берген түсініктемесіне сәйкес, сенаттың түзетулері нақтылау сипатында. Сонымен бірге депутаттар заң жобасынан "депозиттік есепшот" деген ұғымды алып тастауды ұсынады. Б.Досманбетовтың айтуынша, бұл ұғымның анықтамасы Бюджеттік кодексте берілген. Жалпы алғанда түзетулердің салыстырмалы кестесіне 8 мәселе енгізілген.