"Кездесу барысында ықпалдастық үдерістерін одан әрі тереңдетуге бағытталған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
"Өткен жылы инвестициялық қызметтердің аясында энергетика, көлік және коммуникация салаларын жаңғыртуға бағытталған ірі жобаларды кредиттеу жүзеге асырылды",- деп атап өтті И.Финогенов.
Еске сала кетейік, ЕАДБ 2006 жылы қаңтарда инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан мен Ресей құрған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады.