Сенат төрағасы мен Канада елшісі Қазақстан парламенттік делегациясының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Торонтода өтетін күзгі сессиясына қатысу бағдарламасын талқылады

Кездесу барысында Қазақстан-Канада екіжақты ынтымақтастық туралы, оның ішінде өзара парламентаралық іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі пікір алмасылды.

Дидарласушылар сондай-ақ Қазақстан парламенттік делегациясының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Торонтода өтетін күзгі сессиясына қатысу бағдарламасын талқылады. Отырыс аясында Қ.Тоқаевтың Канада парламенті сенатының төрағасы Н.Кинселламен кездесуі қарастырылған.