Сенат төрағасы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысады


«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ақпанның 6-8  өтетін Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысамын. Күн тәртібінде – Украина, Таяу Шығыс», - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.

Бүгін Мюнхенде үш күндік 51-ші конференция шымылдығын ашты. Форумға 400-ден астам жоғары лауазымды шенеунік, жиырма шақты мемлекет басшысы мен 60 қорғаныс министрі қатысады.
Мюнхен қауіпсіздік конференциясы 1962 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.