Сенатордың өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тоқтатылған болатын.
Н.Оразалин Мемлекет басшысының Стратегиясы мен реформаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқаны үшін марапатталды.
Қ.Тоқаев бұрынғы сенатордың кәсіби біліктілігі мен принципшілдігін атап өтті және заң жобалары бойынша белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтты. Палата басшысы Н.Оразалинге Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы лауазымында табысты қызмет етуіне тілектестігін білдірді.
Кездесуге қатысқан Сенат Бюросының мүшелері де әріптесіне, бесінші және алтыншы шақырылымдағы Парламенттің депутатына ризашылық білдірді.