Ол сапар аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен келіссөз жүргізеді және Федерация Кеңесінің отырысында сөз сөйлейді. Сондай-ақ Қ.Тоқаевтың Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Дипломатия академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы мен тыңдаушыларының алдында сөз сөйлеуі жоспарланған.