Сенат төрағасы Сирия елшісін қабылдады

Тараптар екі жақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызын жоғары бағалады.

Сондай-ақ, сенат төрағасы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа он екі жылдың жүзі болса да парламентаралық ынтымақтастықты дамыту қарқыны көңіл көншітпейтіндігіне тоқталды. Өз кезегінде В.Фадел ортақ тарихымыздың бір нышанындай Сирия елінде Әбу насыр Әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыс бабалардың зираттары бар екенін және оны өз халқы мақтан тұтатынын атап өтті.
Елші осынау тарихи және рухани сабақтастық Сирия мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас аясын кеңейтуге үлкен мүмкіндік беретін жол екенін тілге тиек етті.