Сенат төрағасы Ватиканның Қазақстан мен Орталық Азиядағы елшісін еліміздегі алты жылдық дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қ.Тоқаев Киелі тақ елшісінің екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс айта отырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізу жөніндегі біздің еліміздің бастамасын қолдағаны үшін Ватикан басшылығына ризашылық білдірді. Ондағы өзара іс-қимылдың аясында Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастық басым бағыттардың бірі болып табылатыны айтылды.

Юзеф Весоловски өз кезегінде Қазақстан сенатының басшысына бейбітшілік пен жаһандық деңгейдегі конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі біздің еліміздің күш-жігерін Ватикан алдағы уақытта да белсенді түрде қолдап отыратынын атап өтті.

Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Киелі тақ нунцийіне алғыс хат табыс етті.