Сенат төрағасының жаңа орынбасары сайланды

Нұрлан Әбдіровті сенат спикері Мәулен Әшімбаев ұсынды. Депутаттар кандидатураға дауыс берді.

Бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы парламент сенатының депутаты болып тағайындалған.

Сондай-ақ, президент жарлығымен сенат депутаты Бектас Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды деп хабарланды. Ол сенат төрағасының орынбасары қызметін атқарды.