Сенат төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселесіне қатысты заң жобасын өз түзетулерімен мәжіліске жолдады

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің қорытындысында атап көрсетілгендей, сенат депутаттары заң жобасының нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларына сәйкестендіруге бағытталған редакциялық және нақталу сипатындағы түзетулер енгізген.

Сенат өткен бейсенбіде, 27-қыркүйекте "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөніндегі кейбір заң жобаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдаған болатын.

Заң жобасын әзірлеушілердің ақпараттарына сүйенсек, аталмыш құжаттың мақсаты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы заңнамаларды жетілдіру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті