Сенат "Тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды

Сенат ұсыныстарының басым бөлігі редакциялау және нақтылау сипатында болумен бірге заңгерлік техника тәртіптеріне байланысты түзетулер болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы Елбасының жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жасалған. Өзгерістер бірінші кезекте жинақталуы тиіс қаржы мөлшерін келісім-шартында көрсетілген соманың 50 процентінен 25 процентіне дейін азайтуға, ал республикалық бюджеттен салымдарға сәйкес төленетін сыйлық мөлшерін 60-тан 200 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруға бағытталады.