Сенат заңнамаға жалға берілетін баспана жүйесін дамыту туралы түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Заң жобасы жеке баспана құрылысын кең көлемді дамытуға ынталандыру, кірісі ипотекалық несиелендіру жүйесі шеңберінде баспана сатып алуға мүмкіндік бермейтін азаматтар үшін тұрғын үй жинақтары жүйесін одан әрі дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ, жалға берілетін бспана рыногын дамытуға бағытталған.

Заң жобасын қабылдау жергілікті атқарушы органдарға жалпы тұрғын үй қорындағы мемлекеттің үлесін арттырмай-ақ тұрғындардың белгілі бір санатының баспана тауқыметтерін шешуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне ұсынылды.