Сенат жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған кейбір заң актілеріне енгізілген түзетулерді алғашқы оқылымда қабылдады

Заң жобасы бойынша Қылмыстық және Қылмыстық процессуалдық кодекстерге, Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодекске, сондай-ақ, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Еңбек туралы", "Жемқорлықпен күрес жөніндегі" заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Мәселен, қылмыстық кодексте жемқорлық құқық бұзушылық субьектілері мен жалпы жемқорлық қылмыстардың тізімі нақтыланады. Қылмыстық процессуалдық кодекске қылмыстық тексеру органдарына халықаралық іздеу жариялау туралы қаулы шығаруға құқық беріліп, бастықтың тікелей қарамағындағы лауазымды қызметте жұмыс істеуге тыйым салынғандардың қатарынан тікелей емес тумалар мен алыс ағайындар алып тасталды. "Жоба жемқорлықпен күресті күшейтуге, соның ішінде жазаны тіптен күшейте түсуге бағытталған. Соның нәтижесінде мемлекеттік аппараттағы ахуалды сауықтыуға қадам жасалып отыр",- деп мәлімдеді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген әділет министрінің міндетін атқарушы Оңалсын Жұмабеков.
Осы орайда О.Жұмабеков : " жемқорлықпен күрестің қазіргі жүргізілу жағдайына әрине, біздің көңіліміз толып отырған жоқ, дейтұрғанмен бұл бағытта ештеңе жасалған жоқ деп айтуға тағы болмайды",- деді. Оның пікірінше, қазіргі жағдаймен жемқорлықпен күресте бет-беделдің ықпалы жойыла бастады.
"Алайда басты кемшілік - жемқорлықпен күресуші мекемелердің кәсіби біліктілік деңгейінің төмендігі ",- деп мойындады ол .
Депутаттар сенаттың заң және құқықтық реформалар жөніндегі комитетіне заң жобасын екінші оқылымға дайындау туралы тапсырма берді.