Сенат Жоғарғы соттың судьясы Сәкен Абдуллаевты қызметтен босатты

"Қазақстан Конституциясының 55-бабы, 1-тармақшасы, 1-тармақтың 7-тармақшасына, сондай-ақ, "Сот жүйесі және судья мәртебесі туралы" конституциялық заңның 34-бабының, 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Сәкен Жүсіпрахметұлы Абдуллаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатуды сұраймын",- делінген мемлекет басшысының таныстыруында.

Сенат шешімді бір дауыстан қолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті