Сенат Жоғарғы соттың судьясы Жақсылық Алановты қызметтен босатты

"Қазақстан Конституциясының 55-бабының 1-тармақшасына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жақсылық Рзабекович Алановты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатуды сұраймын",- делінген Елбасының таныстыруында.

Сенатшылар алдында сөз сөйлеген Қайрат Мәмидің айтуынша, Ж.Аланов 2006-жылдың 13-қарашасында Атырау облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған.

Сенатшылар Ж.Алановты қызметтен босатуды бір дауыстан қолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті