"Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңының 34-бабының 4-тармағы, 1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес Анар Нұралықызы Жайылғанованы басқа қызметке ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынамын", -делінген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың парламент сенатына жолдаған таныстыруында.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат 13-наурызда Анар Жайылғанованы Конституциялық кеңес мүшесінің лауазымына тағайындады.