Сенатор болғысы келетіндердің саны белгілі болды


Үміткерлердің арасында не бары 2 әйел бар. Сондай-ақ, Сенаттың қазіргі  4 депутаты ғана қайта сайлауға түсуге өтініш беріпті. Ал, қалғандары аймақтар ұсынған агроном, инжинер, экономист пен оқытушы сынды түрлі мамандық иелері. Үміткерлер бүгіннен бастап сайлау алды насихат жұмыстарына кірісе алады. Ол үшін 136 миллион, яғни әр азаматқа 395 мың теңгеден бөлінген. 1-ші қазанда өтетін сайлауға сенаторларды халық атынан тек Мәслихат депутаттары  таңдайды.