Сенатор Т.Мұхамеджанов Семей Мемлекеттік педагогикалық институтында болды

Сенатор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор Т.Мұхамеджанов жүздесу барысында институт ғалымдарының, оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап беріп, әңгіме арасында өзінің студенттік шағы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ репертуарындағы бірнеше шығарманы орындады.

Кездесу соңында халық қалаулысы өз туындылары жазылған бейнетаспаны сыйға тартты.