Сенаторлар А.Бижанов пен В.Бобров ЕКПА-ның жыл сайынғы сессиясына қатысуда


жыл сайынғы сессиясының үшінші бөлігіне қатысуда, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Парламенті мен ЕКПА арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум аясында қазақстандық депутаттар Парламенттік Ассамблеяның жұмысына қатысып келеді.

Еуропа Кеңесі парламентшілерінің алдында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Еуропа Кеңесінің шетел істері мен қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы уәкілі, Еуропалық комиссияның вице-президенті Ф.Могерини, Мальта Президенті М.-Л.Колейро Прека, Еуропа Одағының Бас хатшысы Т.Ягланд сөз сөйлейді. Сессия аясында интернеттегі кибер-терроршылдықпен күресте ынтымақтастықты нығайту, неорасизмнің дамуына жол бермеу, ақпараттандырушыларды қорғауды жақсарту, бұқаралық ақпарат құралдары жұмысындағы айқындық, жаңа еуропалық әлеуметтік үлгіні іздестіру мәселелерін талқылайды.