Сенаторлар лицензия беру жөніндегі заң жобасына түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды

Сенат тарапынан енгізілген түзетулер нұсқау сипатында және олар жоба нормаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге бағытталған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құжаттың мақсаты - лицензия беру жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады. Атап айтсақ, заң жобасы бойынша кәсіпкерлік іс-қызметтің 23 түрі мен 20 ішкі түрге міндетті лицензия беру тәртібін алып тастау ұсынылған. Осындай қызмет түрлерінің арасында адвокаттық қызметке байланыссыз ақылы заңгерлік қызмет көрсету, жиҺанкездерге қызмет көрсету, өлшем құралдарын тексеру, азаматтық әуе кемелерін қабылдау және шығару, азаматтық әуе кемелеріне қызмет көрсету, қол жүк пен жүктерді буып-түю тәрізді түрлер бар.