Сенаторлар салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер туралы заң жобасын екі оқылымда қарап, түзетулермен мәжіліске қайтарды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ренталық салық тек жер қойнауын пайдалануға жасалған жаңа келісім-шарттарына қатысты, ал бұрынғы барлық келісім-шарттары сол қол қойылған кезде күшінде болған заңдарға бағынады.

Экспорттық мұнайға салынатын ренталық салықты есептеу базасы ретінде экспортталатын мұнайдың құны алынады. Ал ол өз кезегінде шетелдерде іс жүзінде сатылатын мұнай көлемі мен рыноктағы бағаға сәйкес белгіленеді. Бұл орайда мұнайдың сапалық сипаттамалары мен оны сатуға қатысты шығындар алып тасталады. Ренталық салықтың ставкасы бір баррель мұнай 19 долларға бағаланған жағдайда 1 процентті құраса, баға 40 доллар немесе одан жоғары болған жағдайда 33 процентке дейін сырғымалы шкала бойынша белгіленеді.
Сондай-ақ, бүгін сенаторлардың ұсынысымен заң жобасына мұнай химиясы өнеркәсібіне 30 млн. доллардан кем емес мөлшерде инвестиция енгізген инвесторларға корпоративтік кіріс салығынан жеңілдіктер қарастырылған жаңа норма енгізілді.
Осы және басқа да сенаторлар енгізген түзетулерді қарауға бағытталған мәжілістің жалпы отырысы бүгін өтеді.