"Жергілікті өкілетті органдармен өзара ықпалдастық жасауды пәрмендендіру мәселесін бүгінде өмірдің өзі тудырып отыр. Және де біздің кеңес сияқты консультативтік-кеңесші органдар құру уақытын тапқан және қажетті қадам болып табылады",- деп мәлім етті бүгін кеңестің бірінші отырысын ашқан сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Жоғарғы және төменгі деңгейдегі өкілетті биліктердің өзара ықпалдастығы қандай да бір проблеманы шешуде ұсыныстар мен көзқарастар әзірлеуде, бірлескен заң шығару іс-қызметінде көмек болады",- деп санайды ол.
Кеңеске парламент сенатының жанындағы консультативтік-кеңесші орган мәртебесі берілді. Оның басты мақсаты жергілікті мемлекеттік басқару және аймақтарды дамыту салаларындағы заңнамаларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Кеңесті сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басқарады. Оның орынбасары лауазымына сенат депутаты Оралбай Әбдікәрімов тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті