ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастығын күшейту жөнінде мәселесін көтерген М. Өтебаев, "Қазақстанның қаржы секторын дамытуында батыс серіктестерінің қатысуы аса маңызды, бүгінгі жаңа уақыт талабына сай мемлекеттік қорғану саясатын дайындап, нақтылағанда, инфляция "импорты", сондай-ақ, елдің қаржы жүйесінің қаржылық ахуалын жақсартатын тиімді шаралар қолдану керек".
"Бұл салада еуропалық тәжірибені, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және Қазақстанның қаржы ұйымдарын дамытудың мықты катализаторы болып отырған еуропалық стандарттарға сай институционалдық негіздерді зерттеу керек", - деп атап өтті М. Өтебаев.
Максвелл Уотсон өз кезегінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан фискалдық саясатты жақсы бағалап, "мемлекеттік банк жүйесінің беделін қорғау шараларының уақытылы жасалғандығын" айтты.