"Сенбейді". Нурмагомедов өз командасы туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Ресейлік UFC шеберіХабиб Нурмагомедов Мәскеудегі баспасөз мәслихатында бар сырын ашып, жұртты таңғалдырды, деп хабарлады Sports.kz.

Атап айтқанда, ол америкалық боксшы кіші Флойд Мэйвезермен өтуі мүмкін жекпе-жекке түсініктеме берді.

"Мэйвезер ешқашан жеңілмеген: 50 жекпе-жек, 50 жеңіс… Мен бұқаралық ақпарат құралдарын айтпағанда, өз командамдағы кейбір жігіттердің өзі Мэйвезерді жеңетініме күмәнмен қарайтынын білемін. Алай бұл да мені жігерлендіреді", — деді Нурмагомедов.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазан күні Нурмагомедов Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Конор Макгрегорды жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпион атағын қорғап қалды. Бұған дейін осы аренада қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасқан болатын: GGG төрешілер шешімімен алғаш рет жеңіліс тауып, әлем чемпионы белбеулерінен айырылып қалды.