Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс-Қазақстан, күндіз, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерінде найзағай болады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы мүмкін.
Атырау, күндіз Батыс-Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай болуы мүмкін. Күндіз Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі. Қарағанды облысында кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі.
Батыс-Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарында кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.