Әлеуметтік желіде қоғамдық көлікте болған сондай даулы оқиға жайлы видео тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Онда әлдебір орыс кемпірі қазақтарға қаратып "сендерде мемлекет болған жоқ" дегенді айтады.
"Сендерде мемлекет болған емес, сендер қоныстанушылар болғансыңдар, көшпенді болғансыңдар. Сендерде мемлекет Ресейдің арқасында кейін пайда болды, онда да жалға алғансыңдар", дейді. Бізде «Түрік қағанаты болған» деп дауласуға тырысқан қазақтарды тыңдағысы да келмеді.
Видеодағы жазбаға қарағанда оқиға Алматы қаласында орын алаған.
«Полиция шақырып, беріп жіберу керек еді соларға, от салып жүргенін қарашы», «Аузын айырып тастау керек құдығыңнан су ішіп түкіріп кететін доңыздарды», «Ақ адал асыңды ішіп, кигізіңді тілді деген осы ғой, мұндай оңбағандар толып жатыр», «Мынау мыстан кемпір не дейді. Ұлтараздықты қоздырушылар», деген сынды пікірлер қалдырды.